Айтыс

Сабақтың тақырыбы:    Айтыс

Сабақтың мақсаты:  а) Айтыс туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;


б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды  елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, қосымша материалдар т.б  электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет


Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Өз пікірін,ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі,нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы-айтыс.

Халыққа танымал айтыс ақындары ән мен жрдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт қамын айтқаннан соң, ел еркелері де-солар.

  1. Айтыс-қазақ халқының ежелден қалыптасқан өлеңмен суырып салып айтатын сөз сайысы,жыр жарысы.
  2. Айтыс-түрлі ой-пікірлердің талқыға түсуі,әр пікір,ойды айтушының өзін қорғай алуы. Айтыс көпшілік алдында немесе екеара немесе топтар арасында өтуі мүмкін.

Жаттығумен жұмыс:  38-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.

1.Алғашқы айтыстағы Шөже басымдылығы неде деп ойлайсыңдар?

  1. Екі айтыста да Шөженің жеңуінің сыры, шеберлігі неде?

А) әдептен озбай,қарсыласын көтермелей отырып соққы береді;

ә) жасы үлкендігі;

Б) тапқыр жауабында.

Венн диаграммасы: Шөжеге, Орынбайға  мінездеме беріңдер

 

Шөже                       Орынбай

 

 

 

 

 

 Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Қазіргі  айтыс  ақындарынан кімдерді танисыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Қосымша әдебиеттерді пайдаланып,айтыс түрлеріне реферат жазыңдар