Қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың пікірталас тарауынан алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Жаттығумен жұмыс: 43-жаттығу Шалкиіз ақынның жақсы мен жаман жігітіне сипаттама беріңдер
Жақсы жігіт Жаман жігіт
Шығармашылық тапсырма
Үш топқа бөлініңдер: 1-топ «реалистер» ,2-топ «пессимистер», 3-топ «оптимистер» әр топ өз міндеттері бойынша мұқият дайындалып, «замана» тақырыбына сөйлесін. .
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- Пікірталас дегеніміз не?
- Пікірталастың қандай түрлері бар?
- Ойталқы дегеніміз не?
- Ақпарат пен жарнаманың қандай айырмашылығы бар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау.