Шәкәрім поэмалары

Сабақтың тақырыбы:  Шәкәрім поэмалары  

Сабақтың мақсаты:

а)    Шәкәрім  поэмалары  туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;


ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:               а) Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген  Шәкәрімнің  өмірбаянын  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Шәкәрімнің қандай поэмаларын білесіңдер?
  2. Кімдердің шығармаларын аударған?
  3. Қандай әндерін білесіңдер?

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары. Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» , «Қалқаман-Мамыр»  дастандары  -сүйіспеншілікті, адал махаббатты,таза сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын  ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас трагедиясынан  халық трагедиясын көтереді.

 

Кітаппен жұмыс: Шәкәрім поэмаларын мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.

 

Топпен жұмыс:  .    хронологиялық таблицаны толтырады.

1858 жылы дүниеге келеді

1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барады.

1908 жылы елден жырақта тастақта тұрады

1931 жылы қайтыс болады

 

 Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?

  1. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?
  2. «Еңлік –Кебек» поэмасында қандай тарихи жағдайға тоқталады?

Білімді бағалау:    Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    Шәкәрімнің  поэмаларын оқып келу