Жамбыл Жабаевтың айтыстары (1846-1945)

Сабақтың тақырыбы:        Жамбыл Жабаевтың айтыстары  (1846-1945)

Сабақтың мақсаты:   а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;


б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

       Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. .

  1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

  Ақын атағын шығарған,елге танытқан – айтыстары.Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап,сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі.Айтыстағы Жамбыл тақырыбы — әлеуметтік теңсіздік,ел ішіндегі қиянат.Халық басындағы мұң-мұқтажды,арман-тілекті айтып,қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған.

Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең көрнектісі,ең кең жайылғаны – 1881 жылы Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет Албан,Дулаттың бай,билерін мақтап,өз руын көтеріп,барын әспеттейді. Жамбылдың жеңісі – адамдық байлық мал,дәулет емес,батырлық,татулық, ынтымақ, әділдік сияқты қасиеттер екнін жеткізе айтқанында.Жамбл рулық мақсат,мүддеден халық,жалпы адамшылық тілекті жоғары қояды.

Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт.

Досмағамбетпен айтысы 1902 жылы өткен.Бұнда Жамбыл:

Екі жүзді болмасаң,

Байды неге мақтайсың?

Қайыры көпке тимеген,

Әкімдікпен билеген,

Жарлыжалшы сүймеген

Ханды неге мақтайсың?

Халыққа тиген пайдаң жоқ,

Қайтіп тұзыңды ақтайсың? – дейді ,ел тілегі,ой,арманымен қабысыпортақ арна табады.

Жамбылдың Айкүміспен,Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық,мөлдір сезім,сыйластық,жарасым бар.

Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған,көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.

Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту:  Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Ж.Жабаевтың айтыстарын  оқып келу.