Демеулік шылаулар

Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік — демеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру;
ә)дамытушылы
қ — теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді
дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру;

б)  тәрбиелік — Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


Оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызба, үлестірмелі карточкалар, жұмбақтар. Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а)  Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.


б)  Журнал бойынша түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.
ә) Өткен сабақта өтілген ережені сұраймын.

б) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Демеулік шылаулар демеуліктер деп аталады. Олар өз шылауында тұрған сөзге не сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді., бірақ септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де байланыстыра алмайды. Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған таңдау. Алайын мынасын ба, анасын ба? Бұл сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Бірақ бұл сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орсы тіліндегі «частицы» деген көмекші сөздерге сәйкес келеді.

Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Сұраулық демеуліктср: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
  2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те. Да (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп, бірде демеулік болса, бірде бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау қызметін атқарады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Бұл сөйлемде де шылауы—демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны  басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ.  Ал та шылауы—жалғаулық, ол тап және бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.
  3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, қана, тек, кейде, -ақ.
  4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, кейде, -ау.
  5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын,
    тұрмақ.
  6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң мынадай тапсырмалар орындатамын.

  1. Ой қозғау, Жуынам деп жазған-ай, Күннен кунге азғаны-ай. (сабын)

 

Қалтаңда жатыр, тісі бар,

 Тістемей-ақ істер ісі бар. (тарақ)

 Осы жұмбақтар ішінде шылаулар бар ма? 2.Мағынаны ажырату.

Тақтаға мына сөйлемдерді жазғызып (дәптерге де жазады),  шылауларды тауып, қандай мағына үстеп тұрғанын айтыңдар.

  1. Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,

 Өлеңі бірі -жамау, бірі — құрау.

 Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса,

 Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау. (Абай).

  1. Бүгінгі күні қазақ халқы қандай түрмыста түратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар. (Ғ.Мүсірепов).
    3. Мұның да себебі бар-ды. («Қ-М.») 4. Әкесіне жақынырақ барды. 5. Ажал — ақыпақ үшін алтау, ақылды үшін біреу. (Мақал-мәтелдер жинағы). 6. — Билер ше? Бидің де бәрі жемтіктес пе? (М.Әуезов)7 . Әлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?
    (С.Мұқанов). 8. Ағашты ұзын кеспе. 9. Біз болсақ міне, Күні мен түні, Жиғанымыз — дән,
    Айналамыз толған ән…
    Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, ерлік те, жеңіс те — барлығы осы егісте. (А.Тоқмағанбетов). 10. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек-ті. Жүрегі жылы, бойы құрыш, Туысы жаннан бөлек-ті. (Абай).
  2. Оқулықпен жұмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 331-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 332-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: „Демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар. Емлесіне назар аударыңдар. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.

4.Топтастыру стратегиясы. Кесте-сызба

——— ►  Сұраулық

——— ►  Күшейткіш

——— ►   Тежеу

Демеуліктер

Қарсы қою, салыстыру Көңіл-күй Күмөн Қомсыну

  1. Кубизм стратегиясы.

Кубиктің 6 бетіне жазылған сүрақтар бойынша демеулік шылаулардың алты түрін атап, оған қандай сөздер жататынын айтады.

  1. Еркін жазу стратегиясы.

Демеулік шылауларды қатыстырып мысалдар жазыңдар, мақал-мәтел сөз болса тіпті жақсы, сөйлемнің мағынасын түсіндіру барысында шылаулардың мәніне тоқталу.

  1. Ой толғау.

Оқушыларға демеуліктердің мынадай 8 түрлі өзіндік белгісін таныттық.

  1. Демеуліктер сөйлемнің мағынасын өзгертеді.
  2. Интонациясын өзгертеді.

З.Өздері тіркескен сөздеріне сұраулық, күшейткіш, тежеу, қарсы қою, көңіл-күй, күмән, қомсыну секілді қосымша мағыналық реңктер үстейді.

  1. Демеуліктердің де бұрын толық лексикалық мағынасы болған.
  2. Бірқатары етістіктен, бірқатары одағайдан пайда болған.

б.Демеуліктердің жұмбақ жасыру, шешу.


Жуынам деп жазған-ай, Күннен кунге азғаны-ай. (сабын) Қалтаңда жатыр, тісі бар, Тістемей-ақ істер ісі бар. (тарақ) Осы жүмбақтар ішінде шылаулар бар ма? 2.Мағынаны ажырату.

Тақтаға мына сөйлемдерді жазғызып (дәптерге де жазады),  шылауларды тауып, қандай мағына үстеп түрғанын айтындар.

  1. Шортанбай, Дулат пенен Бүқар жырау, Өлеңі бірі -жамау, бірі — құрау. Әттең дүние-
    ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп түр-ау. (Абай). 2. Бүгінгі күні қазақ
    халқы қандай түрмыста түратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар. (Ғ.Мүсірепов).
    3. Мүның да себебі бар-ды. («Қ-М.») 4. Әкесіне жақынырақ барды. 5. Ажал — ақыпақ
    үшін алтау, ақылды үшін біреу. (Мақал-мәтелдер жинағы). 6. — Билер ше? Бидің де бәрі
    жемтіктес пе? (М.Әуезов)7 7.  Әлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?
    (С.Мүқанов). 8. Ағашты үзын кеспе. 9. Біз болсақ міне, Күні мен түні, Жиғанымыз — дән,
    Айналамыз толған ән… Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, ерлік те, жеңіс те — барлығы осы
    егісте. (А.Тоқмағанбетов). 10. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек-ті. Жүрегі жылы,
    бойы қүрыш, Туысы жаннан бөлек-ті. (Абай).
  2. Оқулықпен жүмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 331-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп түрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 332-жаттығу жү_мысының шарты төмендегідей: „Демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар. Емлесіне назар аударыңдар. Мәтін мазмұны бойынша жоспар қүрыңдар.

4.Топтастыру стратегиясы. Кесте-сызба

——— ►  Сұраулық

——— ►  Күшейткіш

——— ►   Тежеу

Демеуліктер

Қарсы қою, салыстыру Көңіл-күй Күмөн Қомсыну

  1. Кубизм стратегиясы.

Кубиктің 6 бетіне жазылған сүрақтар бойынша демеулік шылаулардың алты түрін атап, оған қандай сөздер жататынын айтады.

  1. Еркін жазу стратегиясы.

Демеулік шылауларды қатыстырып мысалдар жазындар, мақал-мәтел сөз болса тіпті жақсы, сөйлемнің мағынасын түсіндіру барысында шылаулардың мәніне тоқталу.

  1. Ой толғау.

Оқушыларға демеуліктердің мынадай 8 түрлі өзіндік белгісін таныттық.

  1. Демеуліктер сөйлемнің мағынасын өзгертеді.
  2. Интонациясын өзгертеді.

З.Өздері тіркескен сөздеріне сүраулық, күшейткіш, тежеу, қарсы қою, көңіл-күй, күмән, қомсыну секілді қосымша мағыналық реңктер үстейді.

  1. Демеуліктердің де бүрын толық лексикалық магынасы болған.
  2. Бірқатары етістіктен, бірқатары одағайдан пайда болған.

б.Демеуліктердің лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым.


7.Демеуліктер өзге көмекші сөздер секілді сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасындағы грамматикалық байланысты білдірмейді. Ол өзі тіркесетін сөзге, сейлемге қосымша реңктер береді.

  1. Демеуліктер өздеріне қатысты сөздердің жетегінде (септеулік секілді), соңында тұрады.

Оқушылар талданған мысалдарга сүйеніп, демеуліктерге мынадай анықтама береді: «Демеуліктер — өздері тіркесетін негізгі сөздерге кушейту, тежеу, сұрау, қарсы қою, салыстыру, түрлі кеңіл кұйді білдіретін қосымша мағыналық қызмет атқаратын көмекші сөздердің бір түрі». Бұдан соң демеуліктер жайында алған теориялық білімдерін, сөйлеу, жазба тіддерінде қодана білу үшін жүмыстар жүргіздім.

Ойынның аты: «Зарядтар». Мүны екі түрлі жолмен ойнауға болады. Ойынның шарты бойынша кестеге 7 сейлем жазылған. Оларда 7 түрлі демеуліктердің мақсаты ашылған. Әр сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті демеулікті тауып жазу керек. 7 оқушының омырауына демеулікгердің түрлері жазылып, қадалды. Біреуіне сұраулық демеуліктер, екіншісіне күшейткіш демеуліктер т.б. Тақтаға демеуліктердің 7 түрі шығып түрады. Олардың омырауларында демеуліктердің қай түрі екендігі жазылған. «Сүраулық демеуліктер, жолға шығындар!» дегенде сүраулық демеуліктердің қатарына қолында -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -та, -те демеуліктері бар екі бала келіп тұрады, қалғаны да солай.

Егер кімде-кім демеуліктерді дүрыс білмейтін болса, ол ойынның шартын бұзған болып, ұтылады. Кінәлі оқушыға біз мынадай талап қойдық.

  1. Демеуліктердің 7 түрін сабақтың соңыыа дейін жаттау.

2.Соңғы газет-жү_рналдардан әзіне үнаған мақаланы шылау сөздерді қатыстьфа мазмүндап айтып беру.

Сабақты бүлай түрлендіру, біріншіден, оқушылардың белсенділігін арттырса, екіншіден, демеуліктерден алғаы теориялық білімді тәжірибелік жүмыста, грамматикалық ойындардың үстінде-ақ игеруге әсер етеді. Грамматикалық ойындар сабақ үстінде көбірек жүрсе, соғұрлым оқушы білімі мен дағдысы ширайтынын тәжірибе көрсетті. Септеуліктер өздері тіркесетін сөздеріне қосымша мағыналық реңктер үстейтінін, жалғаулықтар өзара тең, бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарын біддіретіндігін аыықтап, оқушыларды қатыстыра сабақты жинақтадым.

Сабақтың қорытындысы.

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 334-жаттығу жүмысыньщ орындалу барысын түсіндіремін: Шылауларды
    мағынасына қарай топтап, түрлерін ажыратыңдар, олардың емлесін есте сақтаңдар. Мәтінді
    шығармашылық диктант түрінде жазыңдар.

Тексердім: