Күй аңызы

Сабақтың  тақырыбы :       Күй аңызы  

Сабақтың мақсаты : білімділік – «Күй аңызы» туралы мәлімет бере отырып, жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

                                       дамытушылық —  шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

                                     тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар,қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс :                    тарих,ән-күй

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қай жылы Мемлекеттік сыйлық берілді?
  2. Қандай романдары бар?

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Жазушының алғашқы әңгімесі «Күй аңызы». Т. Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозіңгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырганын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.

Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген бозінгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.

«…Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі күйшіге қатты әсер етті…»

Күй құдіреті жануар екеш жануарға да әсер етті. «Нар идірген» күйі осылай туыпты деген аңыз бар.

Кітаппен жұмыс: Екі жолаушының портретін суреттеген жерді тауып оқыңдар..

Білімді бекіту:  Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын.   Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?
  2. Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті?
  3. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осынша тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:      «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа шығарма жазып  келу.