Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың  тақырыбы :     Қабдеш Жұмаділов  «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты : а) Жазушының  шығармаларынан  мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу


б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кітаптар,қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

Халықтың  дүние танымын терең бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы — тарихи шығармалардың да шебері. Жазушының «Қаздар қайтып барады» әнгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырағының ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

«Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген — «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімеде тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдыры бейнеленген. Сонымен қатар жазушының «Соңғы көш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.

Қабдеш — тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы.»

Кітаппен жұмыс: «Қаздар қайтып барады» әңгімесін мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Қарт қайда сапар шегіп келеді?
  2. Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізді?
  3. Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу  себебін қалай ұғынасыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Қ.Жұмаділовтың  шығармаларын оқып келуге беремін.