Олжас Сүлейменов «Арғымақ»

Сабақтың  тақырыбы :  Олжас Сүлейменов «Арғымақ»    

Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

                                       дамытушылық —  шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;


                                        тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы :     а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Одан кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Арғымақтар», «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Қыш кітап», «Талма түсте тағы да бір қайталап», «Әр күн — арайлы таң», «Жалынның шалқуы», «Асқардан асу», Таңдамалы», т.б. өлеңдері мен поэмалар жинақтары «Аз және я» атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның әдеби сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс — қысылшаң мезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», т.б. кинофильмдер түсірілді.

Өздеріңнің оқулықтарыңа енген «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» атты өлеңдерін оқығанда ақын өлеңдеріндегі ұлттық мінездің асқақтығына тәнті боласыңдар.

Арғымақ

Дала қандай!

Даладағы ат қандай!

Нөсер шөпке белшесінен батқандай.

Құйғытсам  бір,

Дала,

Қала

Болады-ау

Көз алдымда аунап бара жатқандай.

Кітаппен жұмыс:  «Арғымақ» өлеңін   мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Ақын суреткерлігі дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Арғымақтың шабысын суреттегенде қандай теңеулер үндестігі таңдап алынған?
  3. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне,арғымақтың ұшқырлығына сендер осылайша шаттана алар ма едіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:   О.Сүлейменовтің   шығармаларын оқып келуге беремін.