ӘБІЛХАСАН РУДАКИ

Сабақтың  тақырыбы :       ӘБІЛХАСАН РУДАКИ  

Сабақтың мақсаты : а)  әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген  қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі :                                 Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы :    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Парсы-тәжік ақыны Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Панжрудак аталатын таулы өлкеде туған. Атақты Әбунасыр әл-Фараби мен Ибн Синаның замандасы. Ақынның жүз мың бәйіттен тұратын бай мұрасынан мыңға жуық бәйіттері жеткен. Оның ішінде үндінің «Калила мен Димна» деп аталған ертегілер кітабынан жасаған аудармасы, тағы басқа дастандарынан үзінділер, рубаи, лирикалық өлеңдері бар.

Рудаки жасынан аса қабілетті бала болған. Сегіз жасында Құранды жатқа біліп, өлең жазған. Салмақты ойларымен жұртты таң қалдырған, ән айтқан, музыкалық аспапта ойнаған. Осы қабілет-талантының арқасында Хорасанның билеушісі оны өз сарайына шақырады. Оның өлеңінің әсерлілігі мен ақындық шеберлігі, даусының сұлулығы сондай — бір күні чанг аспабына қосылып, әмірді аспандата мақтап тұрып: «Әмір  — ай, Бұхара  — аспан, ай аспанға телміреді; Әмір  — кипарис, Бұхара  — бақ, кипарис баққа қарай сап түзейді», — деген кезде толқып кеткен Әмір, тағынан жалаң аяқ түсе салып, жүйрік тұлпарына мініп, Бұхараға қарай шаба жөнелген екен.

Рудаки араб халифатының қол астында болған Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін, тіл дербестігін қолдаған. Өлеңдері өмірдің сан алуан тақырыбын қозғап, адамшылық пен ізгілікке жол салады. «Жамандықпен жапса әзәзіл (шайтан) бір есік, жақсылықпен ашатын бол мың есік», — дейді. Рудаки Шығыстың санаулы ұлы ақындарының бірі ретінде танылған. «Ақындардың Адам-Атасы» атанған.

Кітаппен жұмыс:    өлеңдерін    мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдау жасайды.

Үш күндік// бұл пәниге// келген пенде,                    1 шумақ

Байлама //жүрегіңді, //пейіл берме.                           4 тармақ

Бәрібір //жатар жерің //- сыз қара жер,                     12 бунақ

Жібекке //оралсаң да,// керіп кеуде.                           11 буынды

Сөздікпен жұмыс:    Бәйіт-екі жолдан тұратын өлең

 Рубаи— төрт жолды өлең

Кипарис-қарағай тұқымдас сымбатты ағаш

 Пәни-өмір

Көлгірсіген-алдаған

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    Әбілхасан Рудакидің   шығармаларын оқып келуге беремін.