ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ

Сабақтың  тақырыбы :  ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ    

Сабақтың мақсаты : а)  әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген  қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;


б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар,қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс :                    тарих


Сабақтың барысы :     а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                               

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқүл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937—1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.

Ш. Айтматовтың шын мамандығы  — табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.

Қазақ, Қырғыз  — ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынгы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов — «Манастың» еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. «Манастың» зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген — осы.

Бұл күнде Шыңгыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.

Жазушының «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихын айтатын — психологиялық роман.

Кітаппен жұмыс:   Ш.Айтматовтың шығармаларын    оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Ш.Айтматовтың қандай шығармалары бар?
  2. Айтматовтың есімін әлемге паш еткен қандай шығармасы?
  3. Қазақ ақындарының  ішінде кіммен дос?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Ш.Айтматовтың    шығармаларын оқып келуге беремін.