МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

Сабақтың  тақырыбы :            МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ       

Сабақтың мақсаты :  а)     Міржақып Дулатовтың  жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

                                              ә)  өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;


б)     оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі:                    жаңа    сабақ.

Сабақтың әдісі:                   сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу,     баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,     кітаптар,тірек сызба,сурет    т.б.

Пәнаралық байланыс:          қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:


                      Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

           Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштыц білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1904 жылы Міржақып Омбы  қаласына келеді
1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.
    1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
 

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады.

1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне “Жастарға» деген өлеңін, бүркенпік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды.
1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.

 

Кітаппен жұмыс:   Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту :  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.  Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін  

  1. М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
  2. «Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып,неліктен елді дүр сілкіндірді?

Білімді бағалау:  Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   Міржақып Дулатовтың өмірбаянын