Да (де, та, те) шылауының емлесі.

Сабақтың тақырыбы: Да (де, та, те) шылауының емлесі. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі, да (де, та, те) шылауларының емлесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалау.


б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Да (де, та, те) шылауының емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Бүл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады. Да (де, та, те) бірде жалғаулык, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты сөзге қосымша мән үстеп қана тұрса, онда ол — демеулік те, ыңғайластық мәнді сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол -жалғаулық. Демеулік мәнінде бүл шылау қайталанбай, бір ғана сөздің жетегінде түрады да, жалғаулық мәнінде ол көбіне қайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да, екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулықпен ауыстыруға болады, Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан. (А.) Сөйлемдегі де -демеулік, сен деген сөзге ғана қатысты болып, оған күшейткіш мағына үстеп түр, ал та -жалғаулық, ол тап, бар және цалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластыра (бірінен кейін бірі болған қимыл) байланыстырып түр. Бүны қайталап та (тап та, бар да цалан түрінде) қолдануға болады.

Да (де, та, те) жалғаулығы да, демеулік де сырт түлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы (-да, -де, -та, -те) сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал да (де, та, те) шылауы бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап, бар (және) цалан деп айтуға болса, Жасымда гылым бар деп ескермедім — жасымда сөзіндегі -да жатыс септікті түсіріп айтуға болмайды.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 338-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Оқып шығып, шылауларды тауып, олардың қайсысы жалғаулық, қайсысы демеулік екенін мағынасы мен қызметіне қарап ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 339-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Да, де. та, те шылауының әрі жалғаулық, әрі демеулік мәнінде жүмсалуына және жатые септік түлғасымен келуіне үш-үштен сөйлем ойлаңдар. Олардың әрқайсысының мағыналық, қызметтік ерекшеліктерін талдап көрсетіңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жүмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен түратын мәтін
    жазып, шылаулардың астын бір сызықпен сызыңдар.

Тексердім: