Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі.

Сабақтың тақырыбы: Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі, ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауларының емлесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жу_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеці-

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.

3 .Журнал бойынша түгелдеу. 4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабакта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сөйлемге сүрау мәнін үстеп, сүраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылады да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Мысалы: Бұрын мұндай самгарлъщ күпіміз болды ма? (Н. Б.) Бүл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе деген болымсыз етістік жасайтыи жүрнақпен ү_қсас келеді. Бірақ шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жүрнагы түбірге қосылып, бүйрықты мағынаны білдіріп, бірге жазылады. Мысалы: Ғылым таппий мақтанба! (А.) Ацын аты ацын ба, Қүргац сөзбен матаса? (Ж.)

Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулігі кейдс әр бірыңғай мүшеден кейін қайталанып та жүмсала береді. Мысалы : Ерте ме, кеш пе, пайдага ма, зиянгама, сен де барыңды бересің. (Ғ. М.) Көбінесе бұл шылау сөйлемнің баяндауышынан кейін келеді. Мысалы: Аңсаган шөлде су тапса, Бас цоймай ма бастауга? (А.) Кейде бүл шылау жіктік жалғауынан бұрын да келеді. Ондайда оның түлғасы -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, ~пі болып өзгеріп, сөзбен қосылып бірге жазылады да, одан кейін жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: Баласысың ба? -Баласымысың? Көресің бе? — Көремісің? Жацсысыц ба? — Жақсымысың? Келгенсіц бе? -Келгенбісің?

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 340-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сүраулық демеуліктсрді тауып, қай сөздің шылауында жүмсалғанын, білдіріп түрған мағынасын ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 341-жаттығу >ісү_мысының орындалу шарты мынадай: Жақша ішінде берілген ма, ме, ба, бе, па, пе дегендер шылау не жүрнақ екенін ажыратып, дұрыс жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарыпа карай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жүмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен түратын мәтін
    жазып, ма, ме, ба, бе, па, пе шылауыың астын сызыңдар.

Тексердім: