Дефис арқылы жазылатын шылаулар

Сабақтың тақырыбы: Дефис арқылы жазылатын шылаулар. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі, дефис арқылы жазылатын шылаулардьщ емлесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардьщ ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойьтнша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү-рау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Дефис арқылы жазылатын шылаулар» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Тілімізде   -ақ, -ай, -ау, -мыс (-міс), -ды (-ді) демеуліктері өзі шылауында жұмсалған, яғни өзінен бүрын түрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы: Өзің-ац бар! Күннің суыгын-ай! Орнын жаңа тауыпты-ау! Келісе келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс. (Б. М.) Осындап көп хабарга цанып келген-ді. (М. Ә)

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 342-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Демеуліктерді тауып, қалай жазылғанын талдап түсіндіріңдер

Келесі тапсырма: 343-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Шылауларды тауып, түрлеріне ажыратыңдар, емлесіне назар аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жүмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен түратын мәтін
    жазып, дефис арқылы жазылатын шылаулардың астын сызыңдар.

Тексердім: