Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері                         

Сабақтың мақсаты:  білімділік —  Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік бере  отырып, білім деңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету,сөздік қорын дамыту;

дамытушылық – есте сақтау қабілетін,салыстыра  отырып ажырату дағдыларын дамыту,жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;

                                      тәрбиелік – салт-дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

 Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер болады.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де,тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде келе алады.

Мысалы: Түйе,жылқы,өгіз көлік ретінде пайдаланылады,оны шанаға,арбаға жегеді,мінеді. («Жеті қазына»)

Бірыңғай бастауыштарНе?түйе,жылқы,өгіз
Бірыңғай толықтауыштарНеге?шанаға,арбаға
Бірыңғай баяндауыштарҚайтеді?жегеді,мінеді

 

Жылқы – қазақтың кәделі,бағалы,қымбат қазынасы дегендегі кәделі,бағалы,қымбат – бірыңғай анықтауыштар, сұрағы – Қандай?

  Сиыр терісінен илеп,барлық ат әбзелдерін оюлап,өрнектеп,өріп жасайды.Мұнда оюлап,,өрнектеп,өріп – бірыңғай пысықтауыштар,сұрағы – Қалай?

Бірығай мүшелер жалғаусыз да,жалғаулықтар арқылы да (мен,да,және,әрі,я,не,немесе) байланысады.мысалы: Арба да,дөңгелектер де,адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір –ақ рет келсе,арасына үтір қойылмайды. Жақып пен Ербол жолға шықты.

  Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады.жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау,сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмасалады.Үйге Әсия,шешем,мен – үшеуміз ғана кірдік. Мінезі де,түрі де – бәрі өзім.

  Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,ондажалпылауыш сөзден кейін қос нүкте,сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады.мысалы: Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: тас көмір,мұнай,мыс,жез,қорғасын – барлығы қазақстан жерінен табылады.

Жаттығумен жұмыс:        63-жаттығу.      Төмендегі  өлеңде бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған,қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады?
  2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан бола бере ме?
  3. Жалпылауыш сөздер не үшін керек?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:     64-жаттығу