Тіл ұстарту

Сабақтың такырыбы: Тіл ұстарту. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі жайлы толық мәлімет беру, алған білімдерін тексеру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отаыын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттсу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарьша қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру мақсатында «Тіл үстарту» сабагын жүргіземін.

Алдымен өткен тақырьпггардан алган білімдерін тексеру мақсатында сүрақтар қоямын.

  1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қаидай айырмашылықтары бар?
  2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?
  3. Шылаулар қандай сипатына қарай ссшеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді? 4. Септеуліктер мен жалғаулықтардьщ бір-бірімен үқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  4. Септеуліктер мен жалғаулықтар қандай мағыналық қатынастарды білдіреді?
  5. Демеуліктің мағыналық ерекшеліктері мен септеулік, жалғаулық шылаулардан айыр-
    машылықтары қандай?
  6. Қандай шылаулар қандай грамматикалық түлғалармен үқсас келеді және олар қалай
    жазылады?
  7. Қандай шылаулар өздері қатысты сөздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес дыбыстық
    өзгеріске түсіп қолданылады?
  8. Қандай жағдайда сүраулық шылаулар ->іы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгереді және
    қалай жазылады?
  9. Дефис арқылы жазылатын шылауларды атап, әркайсысына мысал келтіріңдер.


Міне, осылайша сүрақтарға жауап алып болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 345-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, шылауларды түрлеріне қарай талдаңдар. Шылауларды қатыстырып «Біздің атамыз» деген тақырыпта әңгіме айтыңдар.

Келесі тапсырма: 346-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Мәтінді оқып, сөйлемдерді сөз түлғасына қарай талдап, сөз таптарына ажыратыңдар.

Сабақтын қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 344-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді
    оқып шығып, шылауды оның түрлеріне қарай ауызша ажыратыңдар. «Менің әжем» деген
    тақырыпта шылауларды қатыстырып, үйде шағын шығарма жазыңдар

Тексердім: