Түсіндірмелі салалас

Сабақтың тақырыбы:     Түсіндірмелі салалас                    

Сабақтың мақсаты:    а) Білімділік:   Түсіндірмелі  салаластан   алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                                ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.


         б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:                     аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                сұрақ-жауап,   іздендіру,шығамашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:              плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап,ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай,талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

   Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,іргелес байланысады.Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны,мынау,сол,соншалық,сондай) болады.

Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.Сызықша сонша,соншалық,сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі.Мысалы: Әйел де ай сәулесі сияқты:есікті жапсаң,түндіктен түседі .Жамандық жалын секілді:өзін де,өзгені де жалмай береді.Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.Сіздерге де айтарым сол:сағат төртте осында келіңіздер.

 

Жаттығумен жұмыс:            110-жаттығу.  Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін анықтаңдар.

 

  Тақтамен   жұмыс:    111-жаттығу.  Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі,қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.

Шығармашылық  жұмыс:      Түсіндірмелі салаласқа байланысты айтылған нақыл сөздерден мысалдар жазады.

Мысалы: Үш нәрсемен қоңсы қонба: күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен.

(Ж. Баласағұни)

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:       112-жаттығу.