Кезектес салалас

Сабақтың тақырыбы:     Кезектес салалас 

Сабақтың мақсаты:    а) оқушыларға    кезектес  салалас  сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;


б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру,  деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, тірек сызбалар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің,оқиғаның кезектесіп білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейіз.

   Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады.Құрамындағы жай сөйлемдер бірде,біресе,кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады,араларына үтір қойылады.

— Хорезмшах,екінің бірі.Не әкемді босатыңыз,не мені дарға асыңыз.Қазан тұрып біресе атын мақтады,бірақ айналып келгенде,бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды,кейде қызып жанып лапылдайды.

Жаттығумен жұмыс:            117-жаттығу.   Баяндауыштарды тиянақты етіп,сөйлемдерді салаластыра байланыстырыңдар.

Топтастыру стратегиясы:

 

Ыңғайлас                               себеп-салдар

 

 

қарсылықты                                                                                           талғаулы

 

 

 

 

түсіндірмелі                                            кезектес

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:         119-жаттығу.