Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Са бақтас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тірек сызбалар , деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сабақтастың жасалу жолы алуан түрлі болатыны сияқты,оның құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы да әр түрлі болып келеді;
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесі мен сұрағын төмендегі кестеден көруге болады:
түрі | ереже | сұрағы |
Шартты бағыныңқы | Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді | қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? |
Қарсылықты бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді. | қайтсе де? қайткенмен? не етпестен? не ете тұра? қайткенше? не еткені болмаса? |
Себеп бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді. | неліктен?не үшін, не себепті? не деп? |
Мезгіл бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді. | қашан? қай кезде? қашаннан бері? |
Қимыл-сын бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді. | қайтіп, не етіп? қалай?
|
Мақсат бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді. | не мақсатпен? не үшін? не етпек болып? |
Жаттығумен жұмыс: 122-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем құрап келу.