Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:    а)  мезгіл бағыныңқы сабақтас   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;


б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                              білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру,  сатылай дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі


Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған әрекеттерді не болмаса бір мезгіл ішіндегі көріністі,жай-күйді баяндайды.Абай үйге кіргенде,Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.Еселі далаға шықса,таң құланиектеніп атып келеді екен.Бірінші сөйлемде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса,екінші сөйлемде бір уақыт ішінде байқалған,көрініп тұрған жайттардан мәлімет беріледі.

   Құрамындағы жай сөйлемдерді сабақтаса байланысқан мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары –ша,-ше жұрнақтары есімшеден (-ған+ша,-ген+ше), жатыс жалғауы есімшеден (-ған+да,-ген+де), есімшеге септеулік шылауларының (-ған,-ген+соң,кейін,сайын,бері,шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған,-ген+кезде,шақта,уақытта) тіркесуі арқылы,көсемшеден (-ғалы,-гелі,-а,-е,-й) және етістіктің түбіріне –са,-се,  -ысымен –ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары: Қашан? Қашанға шейін?Қашаннан бері? Мысалы: Аттылар жалт-жалт қарасқанда,жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.Қарағанды көмірін тапқалы,жүзге жуық  жылдар өтіп барады.Ауыл осы қонысқа келіп орналасқаннан бері,бір күн дамыл алып тыныққан емес.Үйдегілер тысқа шықса,таң аппақ болып атқан екен.Тимур үйге қайтып келісімен,оны нағашысы жанына шақырып алады.Біраз отырған соң,күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.

1 

 

 

 

 

Мен айт

-ғанда,-генде,-қанда, -кендеол жазды.
2(-ғанға,-генге, -қанға, -кенге) + дейін,шейінол жазды.
3(-ғаннан,-геннен, қаннан, -кеннен) + кейін,соңол жазды.
4(-ған,-ген,-қан,-кен) + сайынол жазды.
5(-ған,-ген, -қан, -кен) + кезде,сәтте,уақытта.ол жазды.
6(-ған,-ген,-қан,-кен) + -ша,-шеол жазды.
7(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + с + бұрынол жазды.
8-ысымен,-ісімен,-сымен,-сіменол жазды.
9-арда,-ерде,-рдаол жазды
10-ғалы,гелі,-қалы, -келіол жазып жүр.
11(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен) + беріол жазып жүр.
12-са,се + жіктік жалғауыОл келсе,сабақ аяқталыпты

 

Жаттығумен жұмыс:            132-жаттығу.   Мезгіл бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып ,бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың  жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Кітаппен жұмыс: 133-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып  , мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:             Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерге мысалдар жазып келу.