Сын жүмысы. Мақта

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Мақта. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жүмысын жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың турі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жү_мыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жана сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:


а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жұмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 106 сөзден түрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. Мақта

Мақта аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта ежелгі заманнан-ақ мәдени өсімдік болып есептелген. Оны ең әуелі Үндістанда, Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бүрын мақтадан жеңіл де жүқа маталар тоқуды үйренді.


Мақта Қазақстанның оңтүстгшде есіріледі. Ол — жылылықты, қүнарлы топыракты және ылғалды қатты үнататын өсімдік. Әзінің биіктігі бір-бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, үрығы қауашақты. Пісіп жетілген кезде, қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.

Мақтадан тек маталар ғана тоқылмайды, ол мединицаға өте қажет. Сонымен қатар одан пластмасса, целлюлоза, фотопленка, кағаз да жасалады.

Мақтаның түқымынан май алынады. Ол конеерві, маргарин, сабын жасауға қолданылады. Мақта күнжарасы да пайдалы, одан гудрон бөлініп алынады. Тұқымның қабығы әтил және метил спиртін өндіруге қажет. Сондықтан мақта әрі мәдени, әрі өте маңызды техникалық дақыл болып саналады. («Ол кім? Бүл не?»)

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Мақтаараиым—мақтанышым» тақырыбында шығарма жазу.

Тексердім: