Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Сабақтың тақырыбы:      Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері                      

Сабақтың мақсаты:     1)  құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері  туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;


3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                   аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, деңгейлік тапсырма, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі


Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларғабірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір,қос нүкте,сызықша және үтір мен сызықша қойылады.Бұл сияқты әр түрлі тыныс белгілерінің қойылуы,біріншіден,салаластың жалғаулық шылау арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың,әр түрлі мағыналық қатынасты білдіруіне байланысты.

1.Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне,мағыналарының әр түрлі болғанына қарамасытан үтір қойылады.Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі,қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады.

Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса,олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады.

  1. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді.Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ,жауапты қолма-қол қайырды.Ай таяқ бойы көтеріліпті,маңдай алда дөп-дөңгелек болып толықсып тұр.

3.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса,соңынан үтір қойылады.

Бимендінің әкесінің аты – Сыздық еді,ауылды Сыздық ауылы дейтін.

4.Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызқша қойылады.Сен дайын ереже ұсынасың, — менің оған көнгім келмейді.

  1. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса,олардан кейін сызықша қойылады.райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды.
  2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің,оқиғаның мезгіл жағынан өте тез,қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе,құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады.Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті.
  3. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызқша қойылады.

Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді,дала адамы жаңаша өмір сүреді.

  1. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса,араларына қос нүкте қойылады.Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.

ІІ.Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілері.

  1. Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ,негізінде,үтір қойылады: Ол отқа жақындап келгенде,қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.
  2. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,оның екі жағынан үтір қойылады. жанпейіс үйге кіріп кеткенде,Асқар мен Ержан тыста қалды, — Асқар мен Ержан,Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды.

ІІІ.Аралас құрмаластың тыныс белгілері.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгі,негізінен,салаласа және сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерден құралады.

1.Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,ол басқаларынан үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.

2.Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді не себеп мәнді сөйлемдер болса,олар басқаларынан не қос нүкте,не сызықша арқылы ажыратылады.

3.Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.

  1. Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылады.

Жаттығумен жұмыс:            155-жаттығу.     Оқып шығып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңдер.  

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:                «Әр қилы тағдырлар» деген тақырыпта құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып шығарма жазыңдар.