Төл сөз. Төлеу сөз

 

Сабақтың тақырыбы:     Төл сөз. Төлеу сөз

Сабақтың мақсаты:  білімділік –Төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік беру;


тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа  тәрбиелеу;                дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін,таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі:                                    жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                      көркем әдебиеттер , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі


Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі бяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін,пікірін келтіретіні болады.Мысалы:

Абай:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол, —  деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды.(З.Ахм.) Осы мысалда сөйлеуші өз сөзінің ішінде Абайдың айтқан ақыл сөзін келтірген.

Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: а) ешбір өзгеріссіз,дәл сол айтылған күйінде жеткізу.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді.Жоғарыда келтірілген мысалда біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ә) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап,біредуң сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу.Мысалы,жоғарыда Абай айтқан сөзді мына түрде де айтуға болады: Абай бес нәрседен қашық болып,бес нәрсеге асық болуды айтады.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.

   Төл сөзді болсын,төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді.Жоғарыда келтірілген мысалдағы Абай … деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды дегендер – автор сөздері.

Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы арқылы бөлініп тұрса,жазуда олардың арасы тыныс белгісі арқылы ажыратылады.Ал төлеу сөз ауызекі сөйлегенде болсын,жазуда болсын автор сөзінен ажыратылмай,біртұтас сөйлем құрамына енеді.                                                                                                                            Мысалы: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп:

— Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай! – деді.

  Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,айтушы өзі болғанда,үнемі ұқтырушысы Абай болуын өтінді.

Осы мысалдағы төл сөз: Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай; төлеу сөз: айтуш өзі болғанда үнемі ұқтырушы Абай болуын.Төл сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,деді; төлеу сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,өтінді.Төл сөз бен автор сөзі қос нүкте,леп белгілі мен сызықша арқылы бөлініп тұрса,төлеу сөз бен автор сөзінің арасында ешқандай тыныс белгілері жоқ.

Жаттығумен жұмыс:            156-жаттығу.  Берілген мысалдардан төл сөзді бірбөлек, төлеу сөзді бір бөлек топтап жазыңдар.

  Кітаппен жұмыс: Көркем шығармалардан төл сөзді тауып тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:               157-жаттығу.