Төл сөз бен автор сөзі

Сабақтың тақырыбы:     Төл сөз бен автор сөзі                    

Сабақтың мақсаты:    білімділік –Төл сөз  бен автор  сөзі туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;


дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі:                                   аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі


Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біредің айтқан сөзін өзгертпей,сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

   Мысалы: Майқы би баласы – Үйсінге: «Хан ақылды,әділ болса,қарашы батыл,ынтымақты болса,қара жерден су ағызып,кеме жүргізеді!, — деп батасын береді.Осы мысалда сөйлеуші Майқы айтқан сөзді төл сөз етіп отыр.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Жоғарыдағы алынған мысалдағы Майқы би баласы – Үйсінге … деп батасын береді деген  — автор сөзі:  мұнда сөйлеуші төл сөзді кімге қаратып айтқаны жайында түсінік береді.

Төл сөзбен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады,ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді,дейді,деп,деген,деген екен (болатын),дей жаздады,дегендей, т.б. тұлғада тұрып қолданылады.

Мысалы: Майқы ақсақ — өмір бойы арбамен жүретін және арбасын жаяу адамға жетектетіп жүретін кісі екен.

  • Оған мені апарыңдар,мен көрейін, — дейді Майқы би.Бала Майқыны кргеннен-ақ орнынан атып тұрып:
  • Ассалаумағалейкум,хан біткеннің қызығы,бұқара жұрттың қазығы,азығы, — деп сәлем береді.

Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана еес,оның ойлаған ойы,айтуға оқталған сөзі де болып келеді.мсалы: Ішінен: «Қандай жақсы ырым еді,жүрегімді жүрегің қан жайлаудың қалың елінің арасынан қараңғы кеште адаспай танып,шақырып алғаны қалай еді» — деп,Керімбалаға алғыс пейілін бағыштап келеді.Бұл мысалда Керімбаланың айтқан сзі емес,ойлаған ойы төл сөз ретінде берілген. «Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын,ол дүниенің төрт бұрышын билейтін адам болады,бақ-дәрежесі жеті атаға жетеді», — деп аян береді.Мұнда Шақшақ батырдың түсі төл сөз ретінде берілген.

 

Жаттығумен жұмыс:            158-жаттығу.   Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар

   Шығармашылық  жұмыс:  Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:                Сөйлемдерді талдап келу.