Сөздердің жасалу тәсілдері.

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің жасалу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға тіл мәдениеті, сөздердің жасалу тэсілдері жайлы толық мэлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттсу, сшіыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, корытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мэлімдемесі.
    З.Журнал бойьшша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.
  3. Дэптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Сөздердің жасалу тэсілдері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жаңа сабақты тусіндіріп болғая соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 349-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мэтінді оқып, мазмұнын айтыңдар. Осы мэтінніц озіндік ерекшелігі болып табылатын тілдік қүралдарды, оқиғаны нақтылы баяндауын аңғарыңдар. Мақаланың тақырыбына назар аударыңдар.

Келесі тапсырма ауызша түрде: 350-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Мэтінді оқып, шешендік сөздердің өміршсң болу себебін түсіндіріп көріңдер.

Келесі тапсырма: жаттығу жүмысьш орындап болған соң мынадай тапсырманы орындатамын:

  1. Рөлге бөліп (бір оқушы—авгор, екіншісі—хан, үшіншісі—Жиренше болып) мэнерлеп оқып шығыңдар. 2. Не себеіггі хан Жиреншені қаңбактың қайдан келіп, қайда бара жатқанын сүрауға жіберді? Өз ойларыңды айтыңдар. 3. Қаңбақтың жауабын айтып, ханның үялу себебін түсіндіріңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарьша қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: Шешендік сөздерден Жиренше жайлы оқып,
    эңгімелеп беріңдер.