Диктант

 

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :


                                 а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

                                  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

                                б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы         

Сабақтың барысы :


                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

                                                   ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Есеней

         Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап,өз жағына қарай айдап әкетіп барады,әсіресе ,иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп-ақ. Есеней қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жөнеліп еді, мойнынан оқ тиіп,Есенейдің аты омақаса құлап, Есеней жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып, ,қызып алған тың атты тоса берді. Есеней сол аяғын үзеңгіге салып,көтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Батыр адам белінен қадалған  оқты өз қолымен жұлып алып,лақтырып жіберді де, ол ет қызуымен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ…   Есеней мен Ұлпан,Несібелі—үшеуі,қастарында төрт кісі жолдастары бар, Артықбай аулынан  салт шығып,  мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен. Үйге іле-шала кірген  Тілеміске Ұлпан мақтау айтты:

       —Артығы болса, өзің білесің, жетпей жатқаны байқалмайды, Тілеміс аға. Атыңды атағаныма өкпелеме,мен Есенейден бастап жұрттың бәрінің де атын атаймын.

                                      (Ғ.Мүсірепов)      (142 сөз)

 

 

 

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 

 

Үйге тапсырма :        қайталап келу.