Лиро-эпостық жырлар

Сабақтың тақырыбы:            Лиро-эпостық жырлар

Сабақтың мақсаты:

а)   лиро-эпостық  жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;


ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:


                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

3.Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?

    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі-ғашақтық жырлары. Ғашықтық жырлардың  батырлық эпостан басты-басты  үш ерекшелігі бар.

Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы  тартысы, қасірет –зары,махаббаты.

Екіншіден,батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін  рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласана  заңды түрде қабысады.

 Кітаппен жұмыс:      Кітаптан лиро-эпостық жырлар  туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.

Топпен жұмыс:  .Лиро-эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»                   Айман-Шолпан

 

Сұлушаш

 

Қыз жібек                                                                                                 Ләйлі-Мәжнүн

 

 

 

Құсырау-Шырын                                     Қалқаман-Мамыр

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?
  2. Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:        Лиро-эпостық жырлар туралы оқып,кітаптар алып келу.