Тіл мәдениеті туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті туралы түсінік. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға тіл мэдениеті жайлы толық мэлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісіи, оіілау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отапып қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. матсриалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеці.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мэлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмаеын сурау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орыидалу барысын дэптерлерінен тексеру.
  3. Дэптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарыпа қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Тіл мэдениеті туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі — сөйлеу тілі, екіншісі — жазба тіл. Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірінен үлкен-үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі. бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбше диалог түрінде өтеді. Ал жазба тіл — эр түрлі


жазба эдебиеттердің тілі. Ол — қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтардың оқып үйренуіне де, білуіне де арналатын мэңгілік мұра.

Сөйлеу тілі тікелей бетпе-бет сөйлесу арқылы жэне сүрак-жауап, түсіндіру негізінде көрінетіндіктен, сөйлем қүрамы да ерекше болады. Онда дауыс ырғағы (интонация), ым, ишара, бет, қол қозғалыстары да белгілі мэнде жүмсалады. Жазба тілде ойды жеткізуге себін тигізетін ондай қосалқы эдістер болмайтындықтан, сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі эрі түсінікті етіліп қүрылады.

Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем қүрауда соған сэйкес сөздер, грамматикалық түлғалар, тіркестер сүрыпталып, талданып қолданылады. Ал ойдың эсерлі, көркем болуы, тыңдаушысын, оқушысын баурап экетуі тілде сөздердің орынды қолданылуына, көркемдегін, бейнелеуіш құралдардың сэтті жұмсалуына тікелей байланысты.

Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері эр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дэл де эсерлі жеткізеді. Оқушының сезіміне эсер ету үшін сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 347-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді түсініп оқыңдар. Ақыл-білімді ауыр, оқу-ғылымды терең, адам өмірін ыстық, тэкаппардың көңілін биік деудің мэнісін түсіндіріңдер. Қай сөз ауыспалы мағынада қолданылған? Неліктен? Себебін түсіндіріңдер.

Келесі тапсырма ауызша түрде: 348-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығыңдар. Сырымға қойылған сүрақтардағы «мүраты не?» деген сөздің мэнін түсініп алыңдар. Сырым батырдың жауабындағы айтылған нәрселердің мұраты не екеніне назар аударып, оның себебін түсіндіріңдер. Сөздің эсерлілігін арттырып түрған не деп ойлайсыңдар? Тапқыр жауап, ішкі мағына, үйқас, өлең сөздерін пайланып жауап беріңдер.

Келесі тапсырма: 349-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Мэтінді оқып, мазмұнын айтыңдар. Осы мэтіннің өзіндік ерекшелігі болып табылатын тілдік қүралдарды, оқиғаны нақтылы баяндауын аңғарыңдар. Мақаланың тақырыбына назар аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: көркем эдебиеттерден шешендік сөздердің өміршең
    болатындығы жайлы қысқаша эссе жазып келіңдер.

Тексердім