Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

Сабақтың тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

Сабақтың мақсаты:

а)  оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;


ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;

б) Елін, жерін,Отанын    сүюге баулу;

Сабақтың түрі:      лекция  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге  берілген  лиро-эпостық  жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ертедегі қазақ поэзиясында  сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос  деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың  олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған  адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.

Лиро-эпостық жырдың ішіндегі  тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де  айтылып жүрген жыр.

Жыр көп вариантты болып келеді.

Зерттеуші ғалымжылыҚай жерде,кімненформалары
Орыс ғалымы

Саблуков

1830Семейдегі көкпектілік жырауданЖазып алған

 

Ғ.Дербісалин1834Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істегенБір үлгісін хатқа түсіреді.
Андрей Фролов1841Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашыҚазақ ақындарының айтуынан жазып алған.
Ш.Уалиханов1851Атақты Жанақ ақыннанЖазып алады.
А.С.Пушкин Орынбор жанындағы ауылдарда  болыпЕстіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.
М.Путинцев1865Қазақстанға келіпЖазып алып орыс тіліне аударады.
Академик Радлов1870 Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.
Профессор Н.Н.Березин1876«Түрік хрестоматиясы» кітабындаБір вариантын жариялайды.
Археолог ғалым Н.Пантусов1898Түрік өлкесін зерттеушіҚозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.
Орыс тарихшысы

И.А. Кастанье

1910Оренбург мұражайындаОн шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.
Советтік дәуірде М.Әуезов1925

1936

 

1939

Мәскеуде

Алматыда

 

«Батырлар жыры»

Бірінші рет басылып шығарылады.

Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады

«Батырлар жыры» жинағына енген.

 

Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.

 

Зерттеушілердің аты-жөніжылыеңбектерітұжырымдама
С.Сейфуллин1932«Қазақ әдебиеті»Радлов варианты бойынша тоқталады.
С.Мұқанов1935«батырлар жыры» туралы еңбегіндеХалықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.
Қ.Жұмалиев1944«Қазақ әдебиеті»Халық жыры
Ә.Марғұлан

М.Ақынжанов

1958«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының  мәселелері» монографиясындаЖырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

 

Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын  және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.

Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық  жыр,күрделі шығарма.

Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.

Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның  диалогтік түрде берілуі.

Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Жырдың қандай варианттары бар?

2.Кімдер зерттеген?

  1. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:     «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»   жырын    оқып, мазмұндап келуге беремін.