Жырдағы кейіпкерлер

Сабақтың тақырыбы:             Жырдағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты:

а)   жырдағы көтерілген  проблемаларды  аша отырып,кейіпкерлерге талдау жасау;


ә) логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      іскерлік ойын «Өкіл»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену, топтық жұмыс т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:


                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Тізбек –мазмұн (әр топ тізбекпен мазмұндайды)
  2. топтық жұмыс. Сұрақ-жауап

    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сұрыптап талдау жұмыс.

Сынып 4 топқа бөлінеді де,тапсырмаларын алады.

А тобы                                                    Ә тобы

        Өкіл

 

 

 

 

 

Б тобы                                                           В тобы

 

А тобы-Жырдағы көтерілген мәселелер.

Ә тобы – Қозы өліміне себепкер болған кім?

Б тобы-Баянның соңғы әрекеті туралы не айтар едің?

В тобы –Жырдағы Қарабайлар мен Қодарлар бейнесі,қазіргі кезеңде кездесе ме?

(Сұрыптап талдау,проблемалық сұрақтар,проблемалық шешуді ұйымдастыру барысында талдау жасау)

Ойынның шарттары. Тапсырмаларды орындау үшін уақыт беріледі. Әр топ өкілімен бірге  проблемалық сұрақ- тапсырмаларды   шеше отырып талдау жасайды да,  өкіл өз тобының  шешімін қорғайды. Басқа топтан сұрақтар болған кезде өкіл шеше алмаса «тайм-аут» алып, өз тобымен ақылдасып барып жұмыс істейді,жауап береді. (Өз тобының мүшелерінің жауабын естіп білгендіктен бағалау соларға жүктеледі).

 

Білімді бекіту:       Әр топ өкілі өзінің топ мүшелерінің білімін бағалайды,өкілдерді топ бағалайды,өз пікірлерін айтады.

Үйге тапсырма:

«Махаббат-дүние көркі». Әр топ өзіне ұнаған эпизод бойынша сахналық көрініс қоюға дайындалады.