Абай Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып»

Сабақтың тақырыбыАбай Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып»

Сабақтың мақсаты:

а)  А.Құнанбайұлының  өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;


ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:


                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің?

  1. Өлең мазмұнынан бүркітпен аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай    Гетеден Лермонтов аударған әйгілі «Қараңғы түнде тау қалғыпты»   қазаққа таныстырады.

Абай әндері:                    «Қараңғы түнде тау қалғып»

«Көзімнің қарасы»

«Сегіз аяқ»

«Айттым сәлем Қаламқас»

Кітаппен жұмыс:  Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Дәптермен  жұмыс:          Өлеңді  құрылысына қарай талдайды.

5                 3

Қараңғы түнде// тау қалғып,

Ұйқыға кетер// балбырап.

Даланы жым-жырт,//дел-сал ғып,

Түн басады// салбырап.

1 шумақ,         4 тармақ ,     8 бунақ,  8 буынды.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
  2. Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
  3. Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:            А.Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып »  өлеңін жаттап   келу.