Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сабақтың тақырыбы:          Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сабақтың мақсаты:

а)  А Байтұрсынұлының  мысал өлеңі туралы   мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;


ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ақын өлеңде адам мінездеріндегі  қандай қасиеттерді сынайды?

  1. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

А.Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

Кітаппен жұмыс:    Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Топтастыру стратегиясы:

«Қасқыр мен қозы»             «Қайырымды түлкі»                           «Ала қойлар»

 

 

 

«Үлес»                                                                                               «Қартайған арыстын»

 

 

 

 

 

«Өгіз бен бақа»                       «Ат пен есек»                                      «Қайыршы мен Қыдыр»

 

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Екі шыбын» өлеңі арқылы не айтпақ болды?
  2.   Автор оқушыларына нені ескертеді?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:            А.Байтұрсынұлының  «Екі шыбын» өлеңін жаттап  келу.