Мысалдар

Сабақтың тақырыбы:      Мысалдар

Сабақтың мақсаты:

а)  Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;


ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау  т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  суреттер т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

            Мысалда аңдар,құстар,хайуанаттар,өсімдіктер,іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап,әжуа-күлкі етеді.  Мысалдар өлеңмен де,қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді,оқиғалы,адамға сабақ болатын тағлымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік,әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап,уағыздайды,жағымсыз қылықтарды   мысқыл түрінде  күлкі ете отырып, одан сақтандырады.  

          Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

            Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан  басталады. Ахмет Байтұрсынұлы,Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И. А. Крыловтың  туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.

Кітаппен жұмыс:         А.Байтұрсынов және Абай Құнанбайұлының мысал өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Мысал дегеніміз не?
  2. Кімдердің мысал өлеңдерін білесіңдер?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:   Мысал өлеңдер оқып келу.