Ж.Аймауытұлы «Ақтамақ хикаясы»
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы «Ақтамақ хикаясы»
Сабақтың мақсаты:
а) Мәтіннің мазмұнын меңгерту арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін,адалдығын ұғындыру;
ә) жазушы тілінің көркемдігіне тінті ете отырып,Ақтамақ хикаясы тақырыбында ой толғату,тілін ұштау;
б) өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып,ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге баулу;
Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен игеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сатылай талдау,өзара талқылау т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
- Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
- «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
- 3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
- Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Түсіндіру жоспары
- Әншінің қарапайымдылығы 2. Әншінің орындаушылық шеберлігі
- Әншінің өнерге сүйіспеншілігі 4. Әншінің адамға үйірсектігі
- Азаматтық тұлғасы 6. Ән салу шеберлігі 7. Махаббатқа адалдығы
Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.
Әмірханның мінездемелік сипаты
- Қарапайымдылығы: Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.
- Әншінің орындаушылық шеберлігі: Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.
- Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өз-өзін ұмытады,даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады. … рахаттанып гүл-гүл жайнайды.
- Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
- Азаматтық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады.Кісіні алдауды білмейді.
- Махаббатқа адалдығы
- Мәтіндегі түсінігі қиын сөздер:
Жетішатыр-Семей қаласының ескі атауы
Орамал тастау-ұлттық ойын
Жанторсық-қымыз құятын ыдыс
Таң асып тұрған-бабына келген
Жөпшеңді-анау-мынау жай.
Білімді бекіту: Әміре Қашаубаев -ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Әміре-ән асқары» тақырыбынды шағын мәтін жазу.