Жамбыл Жабаев (1846-1945)

 

Сабақтың тақырыбы Жамбыл Жабаев   (1846-1945)

Сабақтың мақсаты:


а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың  өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б


Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
  2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
  3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
  4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

өлең сөздің даңғылы

Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында  сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Жамбылдың ұстазы кім?
  2. Қандай дастанын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.