І. Жансүгіров (1894-1938)

Сабақтың тақырыбы:            І. Жансүгіров   (1894-1938)

Сабақтың мақсаты:

а)   І. Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы  өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;


ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін  дамыту;

б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы  эстетикалық тәрбие  қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     жаңа материалды меңгеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Сейфуллинің «Қамаудан» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
  2. Тұтқын бостандықты неге теңейді?
  3. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын ,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш  деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.

     «Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі мен қызметіне шолу жасау.

 

1894                          1905-1911                            1912

 

 

 

1938                                                                                            1915

 

 

 

1934-1936                   1925-1928                     1920-1921

 

Кітаппен жұмыс:      Кітаптан өлеңдерін  мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:               І.Жансүгіровтың өмірбаянын оқып келу.