І. Жансүгіров «Жетісу суреттері»

 

Сабақтың тақырыбы:            І. Жансүгіров «Жетісу суреттері»

Сабақтың мақсаты:


а)   І. Жансүгіровтің  ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;

ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін  дамыту;

б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы  эстетикалық тәрбие  қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     лекция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б


Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті ,пейзаждық сурет  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген І.Жансүгіровтің  өмірбаянын  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңі пейзаждық  лирика жанрына жатады. Өлең 1925 жылы жазылған. «Жетісу суреттері» 5 тараудан тұрады.

  1. Жалпы сын 2. Тау суреті 3. Жетісуда су суреті
  2. Жетісу жәндігі 5. Жер түгі

Өлеңді мәнерлеп оқу

Өлеңде туған жері мен елінің тау-тасын,өзен –көлін беріле сүйген ақынның өзін қоршаған  ортадан нәр алған шабытты шалқар сезімі беріледі.  Ақын табиғат көрінісін айшықты бояулармен кестелейді.

Енді оқушылар назарымызды мына бейне сөзге аударайық.

Жетісу-жер жаннаты. Қазақстанның ең сұлу  өңірі төрт түлікке құт болған,тарихы мол,қазыналы өңір.

Кітаппен жұмыс: 3оқушы өлеңді  мәнерлеп оқиды.

Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен эпитет,теңеу, метофораларды табу)

Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала , қалың құм, қара қазан.

Теңеулер:   көшкен керуендей, бурадай, айдағардай, шалдуар шалдай

Метафора:          кеудең –асқар,  аяғың-көл, Ыстықкөл-жер айнасы.

Пәнаралық байланыс:   әсем жер    (сын есім-з.е).

Меңіреу құз   (сын есім-з.е)

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Ілияс қандай ақын?

  1. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
  2. Өлең қандай лирикаға жатады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:      І.Жансүгіровтің  «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.