С. Мұқанов «Саятшы Ораз»

Сабақтың тақырыбы:           С. Мұқанов  «Саятшы Ораз»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  әңгімені оқыта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;


                                   ә) оқушыларды  табиғатты сүюге, қоршаған ортаны бағалай білуге баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру;

                                    б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:      жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,    суреттер  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих,география

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

   «Менің мектептерім», «Өмір мектебі» романдары жазушының өз өмірін,  қоғамдақ өзгерістер кезеңіндегі  өсу жолдарын көрсетеді.

      «Саятшы Ораз» әңгімесін оқып, мазмұнын айтып беремін.

Кітаппен жұмыс:   Әңгімеден Ораздың портретін тауып оқып береді.

Шығармашылық жұмыс:  Кімнің аңшылық туралы  өлеңдерін немесе әңгімелерін білесіңдер?  Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде не   туралы айтылатындығын әңгімелейді.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазақтың құсбегілері қандай құстарды ұстап баптайтын?
  2. Оларды қандай аңдарға салатыны жайында не білесіңдер?
  3. Бұл шығармадан қандай-қандай суреттеулерді байқадыңдар?
  4. Саятшы Ораздың аңшылығымен қоса адамгершілігі қалай бейнеленген?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:          С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесін оқып келу.