Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»

Сабақтың тақырыбы:            Ғ.Мүсірепов   «Ананың анасы»

Сабақтың мақсаты:

а)  «Сөз зергері» аталған  Ғ.Мүсіреповтің  шығармашылығы туралы оқушылардың таным,білім көгжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру;


ә) оқушыларды   мейірімділікке  ,анасын сүйіп құрметтеуге,ананы сыйлап,қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі  жақсылық атаулының бәрі күннің  нұрынан,ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;

б)  оқушының өз бетінше  салыстыра білу,зерттеу,қорытынды,тұжырым жасаудығы-машығын дамыту;

Сабақтың түрі:       іскерлік пен дағдыны жетілдіру,білімді жүйелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,  кітаптары  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

                 Сабақ сұрақ-жауап әдісімен басталады.

  1. Ғ.Мүсірепов туралы не білесің?
  2. Қандай шығармаларын білесің?
  3. Ғ.Мүсірепов кім?

 

Ана тақырыбына көп жазған    драматург                               жазушы

 

 

 

әдебиеттанушы                                                                                киносценарист

 

 

 

 

қоғам қайраткері                     көрекем сөз шебері                 академик

 

Мәтінді талдау.

  1. Әңгіме неге  «Ананың анасы» деп аталған?
  2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
  3. Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкер?
  4. Әңгіме қандай тәсілмен жазылған?
  5. Табиғатты суреттеген жерін табыңдар?

Табиғат дегеніміз не?  Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Шығарманың құрылысы.

Басталуы          Байланысуы               Шиеленісуі            Шарықтау шегі         Шешімі

  1. Әңгіме қалай басталады? 2. Әңгіме қалай байланысады?
  2. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталды?
  3. Ана сөзіне қарсы тұрған кім? 5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

Міне,осындай оқиғаларды бір-бірімен байланысып жатқан шығарманы   қандай шығарма дейміз?

Мәтінмен жұмыс:

І топ. Шығарманың ішіндегі диалогты тап

ІІ топ. Әңгімедегі сөз айшықтарын тап.  Ана бейнесіне жазған қандай шығармаларды білесіздер?       Ана Жалпақты қалай тоқтатады?             Қандай күш?   (дәптерлеріне жаздыру)

Баласын жақсы көруі

Ананың махабаты                  ерекше нәзік сезім

Балаға деген жүрек жылуы

 

Жылы сөзі

Ананың тілі                        еркелетіп айтуы

Мейірімді сөйлеуі

 

  1. Дүниеде не қымбат? 2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
  2. Ананың махаббаты қандай? 4. Сенің ең жақын досың,ұстазың кім?
  3. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар? Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?

Ендеше, балалар,  дүниеде екі ана бар. Бірі-табиғат ана,екіншісі-адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?

І топ. Топтастырыңыз  және  5 жолдық  тұжырымдама жазыңыз.

 

Өз анамыз                           Жер-Ана

 

 

Су-Ана                                                                          Ауа-Ана

 

 

 

Отан –Ана

  1. Зат есім (бір сөз) -Ана
  2. Сын есім (екі сөз) -мейірімді,қамқор
  3. Етістік (үш сөз) –мәпелейді,өсіреді,тәрбиелейді.
  4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге түскен кезде
  5. Түйін сөз (бес сөз) –Ана-ақылшың,ұстазың, досың,қамқоршың.

 

ІІ топ. Ана туралы мақал-мәтел жазайық немесе «Әлемдегі асыл жан» деген тақырыпқа ой-толғау жазайық.

 

Қорытынды: Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп,асырап-бағып жеткізген ата-анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз,аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап,мәңгілік қамқор болып өтіңдер.

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: Ананың ұлы махаббаты туралы қазіргі кезеңмен байланыстыфра отырып шағын шығарма жазып келу.