Қасым Аманжолов «Өзім туралы»

Сабақтың тақырыбыҚасым Аманжолов  «Өзім туралы»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  Қ.Аманжолов  өмірінен  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;


                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     дәстүрлі    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті ,үнтаспа т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

            Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Қ.Аманжолов «Өзім туралы»  мәнерлеп оқу. «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!».

Эссе жазу.

Актуальдау. Сонымен,балалар, өлең кім туралы?          Қасым тек қана ақын болып қойды ма?

Қажырлы,қайратты,  тік мінезді азамат                жауынгер

 

 

 

Сазгер

 

 

 

 

Өртке тиген дауылдай ақын                               қоғам қайраткері

      Ендеше,балалар, біз бүгін Қасымның майдандағы  сұрапыл соғыста хас батырдың ерлігін жырлайтын  үлкен шығармасымен танысамыз.

                                                 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

            Үнтаспадан «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді тыңдаймыз.

Поэма тақырыбы ерлік жайында.

Идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу,туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігі.

Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді?..

Кімнің ерлігі суреттеледі?…

             Абдолла Жұмағалиев –соғыс даласында  қаһармандықпен қаза тапқан қазақ ақыны. Дамыту. Оқушыға оқыту.

өжет                                                                      ержүрек

 

 

 

 

қайсар                                                                        батыр

 

Жырдан Абдоллаға тән бейнелі сөздерді табу.

 

 

 

 

Бомба бол да жарыл жүрек,        қыран құс,     асқар тауым,        арыстанның ашуы,    жолбарыстың жүрегі,              намысты ұлан

Бекіту.Венн диаграммасы

                          Қасым                            Абдолла

Соғыстан жаралы оралды                                   Өмір мен өлімді жеңеді

 

Білімді бекіту:    Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ,азат елін,жерін қорғау,күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында ғана емес,бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады. (өмірмен байланыстыру)

 

       Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:      Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын   мәнерлеп оқып келуге беремін.