Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Сабақтың тақырыбы:              Ә.Тәжібаев       «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а)    Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту;


ә)  оқушылардың ауызша және жазбаша  тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтыру;

б)  адам өміріне жарап жатқан  өзеннің  пайдасын білуге ,оны қорғауға баулу;

Сабақтың түрі:     аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, ,ой қозғау, салыстыра баяндау  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих,қазақ тілі,география

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қасиетті қазақтың даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелген. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Ә.Тәжібаев  ағамыздың өміріне , «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

1.Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  1. Электронды оқулықпен жұмыс.

Ә.Тәжібаев туралы мәлімет. «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Балалар,өлең ұнады ма,не жайында екен?

Картадан «Сырдария» өзенін көрсетіп, өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.

3.Кітаппен жұмыс. (сөздікпен жұмыс)

Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады)

  1. Гейне-неміс ақыны 2. Рейн –Германиядағы өзен
  2. Тарас-Украин ақыны 4. Днепр-Украинадағы өзен
  3. Пушкин-орыс ақыны 6. Еділ-өзен

Қане,балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберейік.

  1. Салыстыру,талдау.

Салыстыру

 

 

Ә.Тәжібаевтің            Қалмақан Әбдіқадыровтың          Ы.Алтынсариннің                                   «Сырдария»                               «Сырдария»  өлеңі                «Өзен» өлеңі

өлеңі

 

 

1) қарт ана                                        1) мен анаң                                  1) сарқыраған өзен

2) сыр сұлуы                                  2) суым сүтің                                 2) айнадай су

3) туған елі                                       3) анам десең                                3)өзен рахаты

4) ел анасы                                      4) балық,арық қазып                     4) мөлдір суы

5) сүті кетпеген                               5) егіске пайдалан                         5) ну орманы,тоғайы

Осы үш ақынның өлеңдерін оқи отырып бір-бірімен айырмашылық пен ұқсастығына талдау, салыстыру жасаймыз. Қай өлеңде ақын өлеңге,өлең ақынға тіл қатты?

  1. Шығармашылық жұмыс

1-топ: «Сырдария»  өлеңін әрі «Өзен» өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір-бір шумағындағы тармақ,бунақ,ұйқасын табады)

 

2-топ: «Сырдария» өлеңіндегі (2,3,4) шумақтарынан инверцияны  тауып, қара сөзге айналдырып жазады.

 

3-топ: Туған жеріміздегі  өзендер жайлы бір шумақ өлең жазады. «Су-тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазуға да болады.

 

Білімді бекіту:        Сонымен,балалар, ақын осы «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келді?

  1. Параллелизм дегеніміз не?
  2. Өлеңді оқи отырып,өзен, көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?
  3. Н.Назарбаевтың «Қазақстан-жасыл желекті,мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан-2030 бағдарламасында айтылғандай өз жерімізді көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?

 

 

Қазақтың халық жазу         ақын                       драматург

 

 

 

 

 

Газет редакторы                                                  филология ғылымының    

болған                                                                                докторы

 

 

 

 

50 шақты кітаптың авторы                 киносценарист              әдебиет зерттеушісі

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:            Ә.Тәжібаевтің «Сырдария» өлеңін оқып келу.