Жырдың құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Жырдың құрылысы

Сабақтың мақсаты:

а)   жырдағы көтерілген  проблемаларды  аша отырып,құрылысына талдау жасау;


ә) логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:


                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

«Махаббат-дүние көркі»тақырыбында  әр топ өзіне ұнаған эпизод бойынша сахналық көрініс   көрсетеді.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры саған несімен ұнады?
  2. Қай кейіпкер,қандай қылығымен ұнады?

3.Ұнаған кейіпкер кім? Себебін түсіндір.

4.Сен Қозының орнында болсаң не істер едің?

                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»  жырын құрылысына қарай талдайды.

1.Басталуы.

  1. Дамуы.
  2. Шарықтау шегі.
  3. Шиеленісі.
  4. Шешімі.

Топпен жұмыс: Шығармадағы дәстүрлі  салт жырларының үлгісін тауып,мысалдарымен дәлелдеп бер.

Білімді бекіту:       Әр топ өкілі өзінің топ мүшелерінің білімін бағалайды,өкілдерді топ бағалайды,өз пікірлерін айтады.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:           Лиро-эпостық жырлардың басқа түрлерін оқып келу