Қалижан Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»

Сабақтың тақырыбы:             Қалижан Бекхожин    «Ақсақ Темір мен ақын»

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға  Қалижан Бекхожиннің   өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;


ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны ,халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожин Повладар атырабында 1913 жылы 25 қарашада шаруа отбасында дүниеге келген.

Оқу-білімге ынталы жас Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистка бөлімін 1942 жылы бітіреді.

«Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасының  түйінді ойын, ақынның мақсаты  туралы  айтып беремін.

Сөздікпен жұмыс: Жейхун- Әмудария өзенінің орта ғасырдағы атауы

Мұсатыр-мүсәтір

Зұлфуқар-алмас қылыш,алдаспан

Қаф тауы- Кавказ таулары

Шығармашылық жұмыс: «Темірді тізе бүктірген алып күш» айналасында әңгімелеседі.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Ақсақ Темір туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?
  2. Ол қай кезде өмір сүрген,оның жаугершілік жорықтарынан қандай хабарларың бар?
  3. Өлеңдегі ең басты кейіпкер кім?
  4. Хафиз Ақсақ Темірге қандай баға берді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              Қалижан Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасын оқып келу.