Қадыр Мырзаәлі «Кәрі қыран»

Сабақтың тақырыбы:              Қадыр Мырзаәлі  «Кәрі қыран»

Сабақтың мақсаты:

а)     ақын өмірі мен шығармашылығынан  қысқаша мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру;


ә)   оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін  дамыту;

б)   сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу;

Сабақтың түрі:              жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:              сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,шығармалары , бүркіт жасы туралы плакат  т.б

Пәнаралық байланыс:          ән,бейнелеу өнері, биология

Сабақтың барысы:


                                                   а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Қасым неге күзді еске алып отыр?
  2. «Әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деген қай шығарма?
  3. Алматыға келгенде жазушымен кездесем деген үміті неге үзілді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Міне,балалар, адам тәлім мен тәрбиені тіл арқылы алады. Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес, тіл өнерін жетік білген халық.

Қазақ деп белі қайысқан ,қаңтарда туған қыран Қадыр Мырзаәлі  1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен  Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі.

Қадыр Мырзаәлі-халық даналығының білгірі.

Жалпы Қадыр өлеңдерінсіз 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын  көз алдымызға елестету мүмкін емес.

(тақырып сөз)

А) Интервью

Қыран дегенде көз алдарыңа не елестейді?

Ә) БҮҮ әдісі бойынша тірек сызбаның бірінші бөлігін толтыру.

  1. Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар?
  2. Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді?

Б) Қыранға қандай құстар жатады?  (тақтаға іліп толықтыр)

В) Сонымен қатар қазақ бүркіттің жасына қарай әр түрлі ат беріп отырған:

1 жас-балапан; 2 жас- жас түбіт; 3 жас- жас тірнек; 4 жас- жас түлек; 5 жас- мұзбалақ;

6 жас – көк түбіт;  7 жас –қана.

Енді балалар назарымызды мәтінге аударамыз.

«Рольдегі оқушылар»

Қазір өлеңді үш бөлікке бөлеміз де, «рольдегі оқушылыр» әдісімен жұмыс істейміз. Әр топтың әрбір мүшесі өзіне тиісті тапсырманы орындайды.

1-оқушы-мәнерлеп оқиды; 2-оқушы-мазмұнын айтады; 3-оқушы- көркемделген сөздерді табады; 4-оқушы- мағынасы түсініксіз сөздерді табады; 5-оқушы- жоспар (соңында)

Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.

«Мұзбалаққа» түсінік беру.

Екеуін салыстыру (4 қасиеті)

 

өжет                                 қырағы                 осал                                    жас

 

 

 

 

қайсар                                    сақ                тәжірибесіз                      аңғал

 

Енді БҮҮ кестесін толтырамыз.

 

Білімді бекіту:

  1. 1. «Қыран қияда өледі» дегенді қалай түсінесіздер?
  2. Қыран неге намыстанады? (Қыран қартайсы тышқаншыл болады)
  3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» ,қалай түсінесіз?
  4. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?

Соңғы сөзді мен айтайын (дәптермен жұмыс)

Қыранша өмір сүргенің-қандай бақыт,

Қандай бақыт — қыранша  өле білген!

Осы жолдар төңірегінде ойланып көрейікші,автор нендей ойды айтпақшы . (оқыту)

Шынында осы өлең жолдарындағы «қ» әріпі аса бір қайсарлықты, қырағылық пен қайтпас қажырлықты көрсетіп тұр. Қазақ неге қыранды жеті қазынаға жатқызады. Бұл да оның киесін танытқандай.

Алтайдың «Ақиығы», «Ақшегір» деп атауы да тегін емес.  Бірақ қалың жұртты қайран қалдырып,талайларды таңдай қақтырған осы  наз өнердің соңғы кезде біртіндеп  сиреп бара жатқаны ,қайталанбастай болып жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз.

Керек   десеңіз  тәуелсіз еліміздің туында да осы қыран бейнеленген. Бұл еркін, ешкімге тәуелсіз елміз дегенмен  қатар қайсармыз,мәртпіз,намысшыл халықпыз дегенді білдіреді.

Туымыз тұғырлы, еңсеміз биік болсын!

(кітап көрмесі туралы)

Табиғат ана осы құсқа  қырағылық қасиетті аямай берген.

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.