Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»

Сабақтың тақырыбы:            Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»

Сабақтың мақсаты:

а)   Ш.Мұртазаның  өмірбаянын  шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін  таныту;


ә)  өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б)  қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі:              жаңа білім-білік ,дағды қалыптастыру

Сабақтың әдісі:              сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті ,шығармалары  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                                   а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ұлы Отан соғысы жайында не білесіңдер?

  1. Дерек бойынша оған Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

              Шерхан Мұртазаның өмірінен мәлімет беру.

Әңгімелері: «Бұлтсыз күнгі найзағай»,  «Мылтықсыз майдан», «Табылған теңіз», «Интернат наны», «41-жылғы келіншек», «Шекшек шырылдайды», «Айырбас», «Ақсай,Көксай», «Бойтұмар», «Сусамыр» «Жүз жылдық жара» т.б

«Жүз жылдық жара» әңгімесін түсіндіріп құрылысына қарай талдап беремін.

Дәптермен жұмыс: Әңгіме мазмұнында аталған  тал-теректердің,шөптердің атауларын  дәптерлеріне жазып алады.

Топпен жұмыс: Кейіпкерлердің бейнесін құрастырыңдар (Кенжекүл, Ахмет, Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал)

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шығармада   баяндалатын уақиға қай жылдары,қандай жағдайда  байланысты өтеді?
  2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?
  3. Бахтияр бағы,оның тал-теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?
  4. Орман ортасындағы кішкентай көлшік қалай суреттеледі?
  5. Мыңбұлақтың бөркінің төбесіндей боп Байшынар неге жалғыз қалды?
  6. Жуанқұл мен Дадабай,Қабасақалдар кімдер?
  7. Жуанқұлдың тағдыры сендерді қандай ойға жетелейді?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесі бойынша  орман ортасындағы кішкене көлшіктің  суретін салып келеді. «Байшынар неге күңіренеді?» тақырыбына шығарма жазады.