А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5 «Ә»
- Күні, айы, жылы: 18-19.12.2014
- Тоқсан: ІІ
- Мұғалім: Ж.Юнусова
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы туралы түсінік беру.
- Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.
- «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Мысал өлеңдер деген не?
- Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?
3.Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Суретпен жұмыс:
Өгіз бен бақаның суретін көрсету.
- Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.
- Мысалды мәнерлеп оқу.
- Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.
- Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.
- Көрсеқызар бақа.
- Бақаның қарнын керуі.
- Бақаның жарылып өлуі.
- Әлін білмеген әлек.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
- Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?
- Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланған? Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
- Оқулықпен жұмыс.
- Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.
- Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
- 1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» мысал өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.