С.Жүнісов« Ақырғы бәйге»

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 08.04.2015
  4. Тоқсан: ІV
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  С.Жүнісов« Ақырғы  бәйге»

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні   меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, үзінді   арқылы   Ақан сері өмірімен    танысу;
  2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Жазушы  портреті,  шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. С.Жүнісов« Ақырғы бәйге»

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Ақан сері өмірі  туралы не  білеміз?
  2. Неге Ақанды  сері  деп  атған?
  3. Сал, сері деген не?
  4. Ақан серіден  басқа  қандай серілік  құрған  ақын -жырауларды  білесіңдер?

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. Сәкен Жүнісовтың  өмірі  жайлы  мәлімет.
  • 1934 жылы Көкшетауда дүниеге  келген.
  • Көрнекті жазушы,  белгілі  драматург.
  • Романдары: «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері»
  • Хикаяты: «Заманай мен Аманай»

 

2.Ой  шақыру стратегиясы  бойынша Ақан  сері  өмірі  туралы  мәлімет  беру.

 

 

 

 

                                                        

                                    Атақты сері әнші

 

    Ақан сері

 

 

                                   саяткер                                                                                       құсбегі                

           

 

                  сазгер                                                                                          ақын

                                                 

 

  1. Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан  алынып  отырған  бұл  үзіндіден  атақты  әнші,  ақын,  сазгер,  саяткер,  құсбегі  Ақан сері мен Құлагер  тағдырының  ең  бір күрделі де  қайжылы  кезімен  танысасыңдар.

Оқиға Ереймен  өңіріндегі  атақты  паң  Нұрмағанбет  болыстың  тоқсанға  келіп  өлген  әкесі  Сағанайға  берген  асында  болғандықтан  әңгіменің  өзегі  нақты  тарихи оқиғаға  құралған.

VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап:

  • Күреңбай сыншы «Мынау бір  пырақ  екен»  дегенде,  ол  Құлагердің  қандай  сипаттарына  сүйеніп  айтты.
  • Ат үстінде  неше  түрлі  өнер  көрсетіп,  сырнай  тартып  жүрген  бала  кім?
  • Мөңкеге Ақан неге «Байқа  бала  Құлагерді  тым  қыспа, шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  көрме,  жел  жағында  отыр» деді?

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтінмен  жұмыс.

  • Үзіндіні  бөлімдерге  бөліп,әр  бөлімге  тақырып  қойып,  жоспар  құрыңдар.
  • Үзіндідегі сыншылық  өнер, той  жаршысының өнері,  атбегі  баланың  өнері сияқты қазақтың  ұлттық  өнерінің  әрбірін  жекелей  сипаттап  жазыңдар.
  • Шығарманың тіліне  көңіл  аударыңдар. Жазушы  қолданған  үздік  эпитет,  теңеу, метафораларды  дәптерге  жазу.
  • Мертіккен Құлагердің  және Ақанның  трагедиялық  жан – күйін  жазушы  қалай  суреттеген?  Тауып  оқу  және  жаттап  алу.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. С.Жүнісов« Ақырғы  бәйге» түсінік айту