«Қамар сұлу» романы
Cабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы
Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту.
Міндеттері: 1) романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту,өздерінше ой түюге дағдыландыру.
Түрі: дамыта оқыту.
Типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Әдісі: түсініктемелі,баяндау.
Көрнекілігі: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық жинағы.
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Актуалдау: — Біз,Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэзиялық шығармаларымен таныстық.Прозалық шығармасы да бар: (Қамар сұлу» романы.
- Жаңа сабақ.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы.
Кіріспе | Қамар мен Ахмет бейнесі |
Оқиғаның басталуы | Ахметтің Қамарға ғашық болуы. Қамарды Жорға Нұрымға атастыру |
Оқиғаның байланысуы | Олардың қарсылығы,Қалтан қажы мен Оспан бидің әрекеттері |
Шиеленісуі | Қамардың бай туысқандарының ырқымен Нұрымға ұзатылуы |
Шарықтау шегі | Сырқатқа шалдыққан Қамарға надан молданың ем-дом қолдануы |
Шешімі | Ахметтің кегі,жастардың ажалы |
V.Дамыту. а)Қамар,Ахмет,Нұрым бейнелерін талдау (портрет,мінездеме беру,тақырыптас шығарма кейіпкерлерімен салыстыру)
І қатар: Қамар бейнесі (Мамыр)
ІІ қатар: Ахмет бейнесі (Қалқаман)
ІІІ қатар: Нұрым бейнесі (Жиенқұл).
ә) Омарды қандай әке деуге болады?
VI.Бекіту.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VII.Қорыту. Не білдік?
VIII.Үйге тапсырма.
а) «Қамар сұлу» романын оқу.
ә) Оспан би,Қалтан қажы бейнесін талдау.