Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1) Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру,шығармашылық ізденіске үйрету,шығармаларымен таныстыру; 2) қазақ халқының әнші-ақындары жайлы білімдері мен ой-өрістерін дамыту,ұлттық ән өнеріне қызығушылығын арттыру; 3) өнерді қадірлеуге,өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: конференция сабақ.

Әдіс-тәсілі: шығармашылық,өзін-өзі дамыту,тірек-сызба,проблемалық.

Пәнаралық байланыс: музыка.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,компьютер,Жаяу Мұса Байжанұлы жөнінде әдебиеттер мен газет-журнал материалдары.

Конференцияның бағдарламасы

І.Кіріспе бөлім

1.Жаяу Мұса Байжанұлының шығармасын тыңдау.

ІІ. Негізгі бөлім

1.Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келген орта

2.Мұсаның балалық шағы

3.Шығармашылық мұрасы

а) өлеңдері,поэмалары

б) өлеңдерінің тақырыптары

4.Жаяу Мұса бүгінде

а) Жаяу Мұса шығармаларын алғаш нотаға түсіргендер

б) Жаяу Мұса шығарамларын орындаушылар.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сабақтың барысы.

І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі

1.Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін тыңдата отырып сұрақ қою.

— Балалар,қалай ойлайсыңдар,бұл ән – кімнің әні және қалай аталады?

-Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әні.

— Олай болса бүгінгі сабағымызды «Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы» атты тақырып бойынша конференция түрінде өткіземіз.

2.Сендерге Жаяу Мұса Байжанұылының өмірі мен шығармашылығы жайлы ізденіп келуге үш топқа тапсырмалар берілген.Сол тапсырмалар бойынша біз сабағымызды жүргіземіз. «Ізденушілер», «Зерттеушілер» және «Мұрагер» топтары өздерінің ізденіс жұмыстарын ортаға салады.

ІІ. Негізгі бөлім

Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келген орта,Мұсаның балалық шағы жайлы «Ізенушілер» тобы

   1835 ж.Павлодар обл.Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңындағы Далба тауы Ақшоқы деген жерде дүниеге келген.

     ЖАЯУ  МҰСА

    Әкесі Байжан кедей болған.Анасы Нақыш ертеректе дүние салып,Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленді.

 

 

 

 

Ақын                      Әнші                                                             Күйші                         Композитор

 

*Синкретті өнер иесі

*Әділдік үшін күрескен жан

*Заман лебін терең сезінген ақын

*Өнерпаз

*Әлеуметтік істерге белсене араласқан қайраткер

Өмір белестері

 

 

1842 жылы 7 жасында хат таниды. Жастайынан халық өнерімен танысады,домбыра тартады.

1851 жылы Қызылжарға келіп үш жылдай жалға жұмыс істейді.Орыс тілін үйренеді.Скрипка,сырнай тартуды үйренеді.

1854 жылы Омбы қаласындағы орыс мектебіне түседі.Осындағы кітапханада Санкт-Петербург,Мәскеу, Қазан,Орынбор,Ақмола, т.б. қалаларда шығатын газет-журналдармен,кітаптармен танысады.Шорман балаларын әшкерелеп мақала жазады.

1860 жылы Жаяу Мұсаға қарсы арыз жазылып,оны 12 жылға Тобылға жер аудартады.

1862 жылы өзі сұранып әскерге кетеді.

1829 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы далба тауы етегінде Ақшоқы деген жерде дүние салады.

 

*Шығармашылық мұрасы жайлы «Зерттеушілер» тобы

Жаяу Мұса Байжанұлының

 

 

Өлеңдері                                         Поэмалары

«Ләйлім»  «Көкаршын»  «Тұрымтай»  «Ақсиса»   «Толғау»  «Тұтқын зары»   «Құлбай»  «Олжабай батыр»   «Данышпан қыз»

 

 

 

 

Өлеңдерінің тақырыбы

«Ләйлім»

«Сұрша қыз»

«Сәулем қыздар»

«Шолпан»

«Сапаржан»

«Қабір басында»

 

 

 

 

«Көкаршын»

«Тұрымтай»

«Қаршыға»

Махаббат,               Аңшылық-

жастық шақ,                саятшылық

сүйіспеншілік

 

«Баянауыл»

«Жазда»

«Жаздың күні»

«Ақсиса»             «Хаулау»

«Толғау»              «Сүйіндік»

«Құлбай»             «Қыз күйі»

«Тұтқын зары»    «Бұзау зары»

«Қызбала күйі»   «Қазан қыздары»

Заман шындығы           Туған жер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) Жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айту.    ә) Өлеңдерін талдау.

ЖАЯУ МҰСА БҮГІНДЕ

«Жаяу Мұса бүгінде» тақырыбы бойынша «Мұрагер» тобы

 

 

 

 

    қолдануда
Симфония,эстрада жанрларында
қазақ композиторлары операларда («Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан-Сара», «Бекет»)
ЖАЯУ МҰСАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫН
А.В.Затаевич,.Ахмет Жұбанов

Б.Т.Ерзакович ,М.Маликов

Қ.Бабақов,Қали Байжанов,Әміре Қашаубаев

Қ.Лекеров,Жүсіпбек Елебеков,баласы Салық Мусин

Әнін алғаш нотаға түсіріп алғандар                                                  Әндерін алғаш орындағандар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сұрша қыз» өлеңін талдау.    а) құрылысы    ә)  тілдік ерекшелігі.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар арасындағы әділетсіз қарым-қатынасты,бай,мансапты адамдардың әлсіздерге жасаған қиянатын суреттеп жырлауға келгенде Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше жарқырап көрінді.Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып ел ішіндегі ағайынның алауыздығы,бірлік пен татулықтың жоқтығы,бірін-бірі көре алмаушылық,өтірік пен өсек,жалақорлық,болыстыққа таласу,жік-жікке бөліну сияқты халықтың күнделікті тіршілігіне қатысты келеңсіз құбылыстарды батыл сынады.Сол үшін қуғынға да түсті,таяққа да жығылды.

Венн диаграммасы бойынша Ақан сері Қорамсаұлы мен Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығын салыстыра отырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

    Нені білгенбіз       Нені білдік   Нені білгіміз келеді
 

 

  

Үйге тапсырма. Жаяу Мұсаныңя «Сәулем қыздар», «Көкаршын», «Хаулау» өлеңдерін топ бойынша мәнерлеп оқу және талдау.