Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Сабақтың тақырыбы:       Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу                                                                        

Сабақтың мақсаты:

                                    а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Оқушылардың   бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;

Сабақтың түрі:      аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,  мәнерлеп оқу        т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    «Шешендік сөздер» кітабы т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?

2.Қандай аңыздарды білесіңдер?

3.Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма?

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз   «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»

Жиренше шешен туралы қандай аңыз әңгімелер білесіңдер?

Қаракөз ханым өлген соң Жиренше үйленбей көп жүріпті. Кез келген қызды ұнатпайды екен.

Мазмұндау жоспары.

  1. Жиренше шешеннің жолдасымен жолға шығуы.
  2. Оларға бір топ қыздың кездесуі.
  3. Бір топ қыздың ішінен Қарашаштың бөлінуі.
  4. Жиренше Қарашаштың бөлініп қалуының мәнісін сұрауы.
  5. Жиреншенің Қарашаштың үйіне қонуы.
  6. Байдың Жиреншені шақыртуы.
  7. Байдың сөзден тосылып,Жиреншеге Қарашашты алып беруі.

Топпен жұмыс:     Осы әңгіме бойынша сахналық көрініс құрады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
  2. Не үшін Жиренше байдың үйіне қонбады?
  3. Жиреншенің жанындағы жолдасы қандай адам еді?
  4. Бай не себепті Жиреншеге Қарашашты алып берді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:     «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» әңгімесін оқып, мазмұндап келуге беремін.